Ескерту! Ер адамдар жиі мән бермейтін қатерлі ісіктің 12 белгісі

Ескерту! Ер адамдар жиі мән бермейтін қатерлі ісіктің 12 белгісі
Фото: Freepik.com

Мамандар ер адамдар көбінесе елемейтін қатерлі ісіктің белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыныстық мүшенің ауыруы. Бұл аймақтағы ісік өте тез өседі, сондықтан жыныстық мүшенің ауыруы, қысым сияқты кез келген өзгеріске аса назар аудару керек.

Ұрық құрылымының өзгеруі. Қан аралас, қоңыр түсті ұрық дабыл қоңырауы болуы ықтимал. Бұл қуық асты безінің немесе эпидидимис мәселесін, тіпті қатерлі ісік ауруын көрсетуі мүмкін.

Зәрдің өзгеруі. Жиі зәр шығару, қысымның төмендеуі секілді белгілер простата обырына, сондай-ақ қуық қатерлі ісігіне тән.

Нәжістің өзгеруі. Тоқ ішек қатерлі ісігі диарея, іш қату, шырыштың жиналуы немесе нәжісте аз мөлшерде қан пайда болуы сияқты белгілерді көрсетеді.

Қолтықтағы қысым сезімі. Бұл лимфа түйіндеріндегі қабынуды білдіреді және онкологиялық аурудың белгісі болуы мүмкін.

Кеуде пішінінің өзгеруі. Ер адамдар сүт безі қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін, сондықтан кез келген өзгеріске назар аудару керек.

Жылдам әрі себепсіз салмақ тастау. Қатерлі ісік ауруының кез келген түрі ағзадан көп энергия алады, бұл салмақ тастауға да әсер етеді.

Ерін немесе ауыздағы дақтар. Әсіресе темекі шегетін адамдарда осы аймақтарда қатерлі ісік ауруының даму қаупі жоғары.

Терінің зақымдануы. Өзгерген мең, ұзақ уақыт бойы жазылмайтын кішкентай жаралар, қабыршақтанған тері қатерлі ісік ауруы туралы ескертуі мүмкін.

Жөтел. Егер жөтел төрт аптадан астам уақыт бойы кетпей, оған қоса ентігетін болсаңыз, өкпенің қатерлі ісігіне күмәндануға болады.

Дауыстың қарлығуы. Ер адамдар бұл симптомды жиі елемейді, бірақ бұл көбінесе қатерлі ісік ауруының белгісі.

Қыжыл. Қыжыл жүйелі түрде мазаласа, бұл гастрит, сондай-ақ асқазан қатерлі ісігін көрсетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау үшін тапсыру керек 4 медициналық талдау тізімі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қыпшақ этносы қалай қалыптасты?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә