Жетісу облысында ер адам ауылдасының жылқысын ұрлап, оны іздеуге бірге шыққан

Жетісу облысында ер адам ауылдасының жылқысын ұрлап, оны іздеуге бірге шыққан

Жетісу облысында ер адам ауылдасының жылқысын ұрлап, оны іздеуге бірге шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл дерек Кербұлақ ауданында тіркелді, онда бір күн бұрын Қоғалы ауылының тұрғыны полицейлерге 700 мың теңгеге бағалаған жылқының ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Тәртіп сақшылары жылқыны тауып, оның жоғалуына қатысы бар 41 жастағы жәбірленушінің ауылдасын ұстады. Ер адам бұған дейін құқық бұзушылық жасамаған.

"Күдікті жоғалған жылқыны іздеуге белсенді қатысып, көмектескісі келетін кейіп танытқан. Дәл сол уақытта жылқы күдіктінің қорасында болған. Қазір мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған тұлға ҰУИ-на қамауға алынды", - деп хабарлады Кербұлақ ауданының полиция бөлімі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина