"Сөзімізде тұрдық". Динара Сұлтан өзінен 17 жас үлкен күйеуімен неге некелеспегенін айтты

"Сөзімізде тұрдық". Динара Сұлтан өзінен 17 жас үлкен күйеуімен неге некелеспегенін айтты
Фото: instagram.com/dinara_sultan1

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан жолдасымен 14 жылдан кейін ғана некелесуінің себебін түсіндірді. Ерлі-зайыпты бұл қадамға алты бала дүниеге келген соң ғана баруды шешкен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Динара Сұлтан алты баласының әкесімен не себепті ұзақ уақыт бойы заңды некеге тұрмағанын ашып айтты.

Әншінің айтуынша, жолдасы екеуі қосылғанына 10 жыл болғанда балаларымен бірге үйлену тойын жасаған. Алайда ерлі-зайыпты ресми түрде некеге отыруға асықпаған.

"Күздің соңғы күнінде уәдемде тұрайын. Жолдасымыз екеуміз танысқанымда маған бес бала туып берсең үйленем дегені бар еді. Негізі қалжыңдағаны ғой, дегенмен, мені ондайға барады деп ойламаған сияқты. 22 жасымда біріншісін, 33 жасымда алтыншысын босандым.

Үйленуге уақыт болмапты демеңіз, некемізді ислам діні бойынша о баста қиғанбыз. Ресми түрде асықпадық, өмірде небір жағдайлар болып қалады. Сөйтіп 2019 жылы тойымызды ең бірінші балаларымызға, одан соң туыс, дос-жаранға арнап жасадық. Енді міне, тағы бес жыл өте ресми түрде некемізді қидық. Бәрі Алланың қалауымен деп ойлаймын, шүкір. Жолдасымның нағыз жолдас, әке екенін - басынан түсінгем, еш күмәнім болмады. Еркекті көркейтетін - әрекет. Мен де, ол кісі де сөзімізде тұрдық. Енді жастарға қарасақ, бүгін дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады. 114 мемлекеттен Қазақстан 16 орында өкінішке орай. Менің айтарым асықпаңыз, бұл өмірде ең бастысы - баланс", - деп ағынан жарылды әртіс Instagram-парақшасында. 


Фото: instagram.com/dinara_sultan1

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина