"Бекеңнің арқасында". Режиссер Еркін Рақышев Бекболат Тілеуханнан не үшін 30 мың доллар алғанын айтты

"Бекеңнің арқасында". Режиссер Еркін Рақышев Бекболат Тілеуханнан не үшін 30 мың доллар алғанын айтты
Фото: "Уақыт көрсетеді"

Режиссер Еркін Рақышев Бекболат Тілеуханнан не үшін 30 мың доллар алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, режиссер бұл қаражатты "Жетімдер" фильмін түсіру үшін алған. Бұл туралы Еркін Рақышев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты. 

"Мен фильмді ақшам болсын, болмасын бастап кетемін. "Жетімдерді" үш күн түсірдім. 4,5 мың доллар қарыз боламын. Ақша келуі керек еді ғой деп ойлаймын. Неге ақша түспеді деп ойладым. Кешкі сағат ондарда Абай ескерткішінің маңында жүрмін ғой. Сол кезде Бекболат Тілеухан хабарласты. Мен оны сыртынан ғана танимын. Маған "Ереке, сіздің "Жаралы сезім" фильміңізді көрдік, керемет кино екен" дейді. Мен "Беке, қоя тұршы, керек емес, мақтап. Мен одан да керемет кино түсірейін деп жатырмын "Жетімдер" деген. Соған ақша таппай басым қатып отырмын" дедім. "Қанша керек?" деп сұрады. 30 мың доллар дедім. "Бес минуттан кейін хабарласамын" деді", - дейді режиссер.

Оқиға 2008 жылы болған екен. 

"Бес минуттан кейін хабарласты. "Таңертең "Қазақстан" арнасына бар. Дәурен Әбдіхамитов деген жігітпен сөйлестім, ол саған береді" деді. Бекеңнің арқасында 30 мың долларды алып, "Жетімдерді" түсірдім", - дейді Еркін Рақышев. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина