- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Меморган қызметкерлері журналистің...
Меморган қызметкерлері журналистің ресми сауалына қанша уақытта жауап беруге тиіс? Балаева түсіндірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Масс-медиа туралы" заң жобасындағы жаңашылдық туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ өкілі министрге "Мас-медиа туралы заңда мемлекеттік органдардың ресми хатқа жауабы 7 күннен Бес күнге қысқарту туралы жазылыпты. Бес күн жаңалық қызметкері үшін тым ұзақ уақыт, тағы қарайсыздар ма?" деп сұрақ қойды.
"Егер сұрақ бір күндік немесе бір сағат ішінде жауап беру керек сұрақ болса, біз көп ұстап отырмаймыз. Әлбетте жедел түрде жауап береміз, бірақ кей сұрақтар жан-жақты қаралып, анықтап статистикасын түгендеу көп уақытты талап етеді. Сондықтан осы тұрғыдан бес күн деп белгіледік. Бұл бес күн бойы ұстап отыру деген сөз емес. Мемлекеттік органдар да сол сұрақтарға тез жауап беруге мүдделі, өйткені жауап алынбаса сын болады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингіде.
Сондай-ақ ведомство басшысы бес күн бойы сылтауратып жауапты созып жүретін қызметкерлеге қатысты пікір білдірді.
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның аясында арнайы комиссия бар, яғни шағым мен өтініштер болса немесе органдар журналистердің (сіздердің) жұмыстарыңызға кедергі келтірсе комиссияға жүгіне аласыздар. Тоқсан сайын жиналыс өткізіп, әр мемлекеттік органның жұмысын саралап отырамыз. 2020 жылы сол заңға өзгеріс енгіздік. Онда әр мемлекеттік органда ақпарат саласына жауапты мемлекеттік қызметкер я болмаса арнайы бөлім ашылуы керек", - деді Балаева.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан