Қостанай облысында ер адам мұз болған көлге шығып алып, батып кеткісі келетінін айтып айғайлаған

Қостанай облысында ер адам мұзға шығып алып, батып кеткісі келетінін айтып айғайлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жергілікті ТЖ департаментіне аудан орталығындағы "Учительское" көлінде ер адам мұздың үстіне шығып алғаны туралы хабар түскен. 

Оқиға орнына келген қызметкерлер онда 47 жастағы ер адам тұрғанын анықтаған. Ер адам бейадекват күйде болған, көлге батып кеткісі келетінін айтып айғайлап тұрған. Оның мұндай әрекетке бармауына қызметкерлер 1 сағат бойы көндіріп тұрған.  

"Нәтижесінде ТЖД қызметкерлері оны көндіріп, шығарып алды. Ер адам есірткіге мас күйде тұрғаны анықталды. ТЖД қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ер адамды полиция қызметкерлеріне берді", - делінген хабарламада.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!