Қызылшаға қарсы вакцинаны алу үшін не істеу керек? Министр кеңес берді

Қызылшаға қарсы вакцинаны алу үшін не істеу керек? Министр кеңес берді
Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы екпе алғысы келетін қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қызылшаға қарсы екпені алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелген емханаға баруға болады. Сондай-ақ өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге хабарласуыңыз керек", - деді Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бүгінде 118 мыңнан аса балаға вакцина салынғанын атап өтті.

"Биыл 29 қарашадағы мәліметке сәйкес 118 122 балаға қызылшаға қарсы екпе салынды. Оның ішінде 6-10 айлық - 60 мың сәби, 2-4 жасқа дейін - 38 294 бала бар. Сондай-ақ 10 мың медицина қызметкеріне вакцина салынды. Жыл соңына дейін вакцинаның 800 мың дозасын балаларға салуды жоспарлап отырмыз ", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда қызылша ауруы өршіп тұр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!