- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер бала неліктен...
Дәрігер бала неліктен жастықсыз ұйықтағаны дұрыс екенін түсіндірді
Педиатрлар мен сынықшылар 3 жасқа дейінгі баланың жастықсыз ұйықтағаны дұрыс екенін айтып, кеңес берді. Ал травматолог, ортопед Маргарита Мукнаева мұның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Почему болит-ке" сілтеме жасап.
"Баланың денесі ересек адамның пропорцияларымен салыстырғанда өзгеше. Сәбилер өте үлкен баспен туылады. Кішкентай бала жастықта жатқан кезде оның мойыны жасанды бүгілген күйге түседі", - деп түсіндірді дәрігер.
Травматолог бала ұйықтағанда бас пен дене бір көлденең жазықтықта болуы керек екенін, бұл тұншығу қаупінің алдын алуға көмектесетінін айтты.
Сәбидің жастықта жатуы неліктен қауіпті?
- Нәрестенің кенеттен қайтыс болу синдромының ықтималдығы артады;
- Бала 4-5 айдан кейін ұйқы кезінде қозғалып, мұрын тесіктерін жауып тастауы мүмкін, бұл асфиксияға қауіп төндіреді;
- Өмірдің алғашқы 2 жылында жастықта ұйықтау мойын омыртқаларының деформациялану ықтималдығын арттырады;
- Жастықтың ішіндегі толтырғышы жедел аллергиялық әсер тудыруы және нәтижесінде тыныс алу органдарының ісінуіне әкелуі мүмкін.
"Бала шамамен 3 жасқа толып, дене пропорциялары өзгерген кезде, ортопедиялық емес жұқа жастықты қолдануға болады. Оның биіктігі баланың иығынан ½ аспауы керек", - деп ескертті маман.
Айта кетейік, бұған дейін бала неге сөйлемейді: ата-аналар жиі жіберетін 5 қателік хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Туған күн туралы қандай әндер бар?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә