- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал блогер Айжан...
Танымал блогер Айжан Байзақова екінші рет ана атанды
Фото:
instagram.com/bayzakova/
Танымал блогер Айжан Байзақова ана атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалығын блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бірінші жүктілігі мен екіншісінің айырмашылығы сезілген.
"Алдымен түкіріп қойыңыздар. Кеше екінші ұлымды босандым. Аланды босанарда мұндай толғақпен билеп жүргенмін, ал мұнда менің түріме қараңыздаршы", - деп жазған блогер парақшасында.
Айжан Байзақова босанып жатқанда күйеуі Нұрбек жанында болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары оларды құттықтап пікір қалдырған.
"Неткен бақыт! Бауы берік болсын", "Құттықтаймын, менің туған күнімде дүниеге келіпті", "Жұғысты болсын баршамызға", - деп жазған олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек