- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңажылдық дастарханға қазірден...
Жаңажылдық дастарханға қазірден бастап алып қоюға болатын азық-түліктер
Жаңа жыл қарсаңында дүкендерде адамдар бірден көбейіп кетеді де, кезекте ұзақ тұрасыз. Сондай-ақ мереке қарсаңында біраз азық-түлік қымбаттауы мүмкін. Ендеше, қазірден бастап алып қоюға болатын азық-түлік түрлерін ұсынамыз.
Бұршақ
Жаңажылдық дастарханда жиі дайындалатын салаттың бірі — оливье. Бұл салаттың ингредиенті — консервіленген бұршақты ашылмаған күйінде бірнеше жыл сақтауға болады.
Жүгері
Мерекелік дастарханның тағы бір классикасы — жүгерімен дайындалатын краб салаты. Консервіленген жүгері де бұршақ секілді жабық күйінде ұзақ сақтала береді.
Зәйтүн
Зәйтүнді дастарханға өзін бөлек тіскебасар ретінде қояды немесе салаттың ингредиенті ретінде пайдаланады. Оны жиі грек салатына немесе канапеге қолданады.
Уылдырық
Қызыл уылдырығы бар бутербродтар мен құймақтар дастарханның сәнін келтіреді және өте дәмді болады. Ол да жабық күйінде ұзақ сақталады.
Майонез
Дүкеннен сатып алынған майонезді ашылмаған күйінде тоңазытқышта 180 тәулікке дейін сақтауға болады. Ал ашылған болса, оны екі аптада қолданып тастау ұсынылады. Ал егер майонезді үйден жасауды шешсеңіз, оны тек екі күн бұрын дайындау керек.
Жұмыртқа
Жұмыртқаларды сақтау температуралық шартқа байланысты өзгереді. Егер бұл өнім дүкенде қарапайым сөреде тұрса, оны сұрыпталған мерзімнен соң 25 күн ішінде қолдану керек. Ал ол тоңазытқышта сатылып тұрса, бұл мерзім 90 күнге дейін созылады.
Мұздатылған тауық
Жаңажылдық отырысқа бүтін тауықты көкөністермен пешке пісіруге болады. Жақсы оралған бүтін тауықты мұздатқышты бір жыл бойы сақтауға болады.
Ет
Кез келген етті немесе фаршты да қазірден бастап алып, мұздатқышқа салып қоюға болады. Себебі ол жаңа жылға ет ассаңыз да, манты пісірсеңіз де керек болады.
Кәмпиттер
Мерекелік тортты жаңа жылға бір күн қалғанда өзіңз дайындаған немесе сатып алған жөн. Ал кәмпит немесе шоколадтарды қазірден бастап алып қоюға болады.
Алкогольді сусындар, шырындар және бөтелкедегі су
Сусындардың бағасы жаңа жыл қарсаңында күрт өседі. Сондықтан оларды алдын ала сатып алып қойған жөн.
Ұн
Жаңажылдық дастарханға ұннан түрлі пісірмелер дайындау жоспарда болса, оны алдын ала сатып алып қоюға болады.
Оқи отырыңыз: Жаңа жылда дастарханға мандарин қою қайдан шыққан?
А. Жапатова