- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылша жұқтырған 15...
Қызылша жұқтырған 15 сәби жансақтау бөліміне түсті - Ажар Ғиният
Бүгінде Қазақстанда қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөліміне түсті. Оның 15-і - сәби. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айутынша, қазір елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан аса төсек орын ашылған.
"Стационарлық емделуге 2375 бала жатқызылды, төсек орны 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында 92 пайыз, Алматы қаласында 88 пайыз, Түркістан облысында 81 пайыз, Шымкент қаласында 79 пайыз, жоғары екені байқалады", - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.
Ол сәбилер де ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеді.
"30 бала реанимация бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында", - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлемде қызылша ауруы өршіп тұрғанын айтқаны хабарланды.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz