- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте суицид жасамақ...
Шымкентте суицид жасамақ болған қыздың әрекеті видеоға түсіп қалды
Шымкентте суицид жасамақ болған қыздың әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
24 қарашада кешкі уақытта Жедел басқару орталығының 102 арнасына белгісіз азаматшаның көппәтерлі үйдің 11 қабатындағы ортақ балконнан секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түсті.
Шақырту бойынша тез арада патрульдік полиция полкінің автоэкипаждары жолданды.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары балконның қоршауына шығып тұрған қызды көреді. Азаматшаның назары бір сәтке ауғанын пайдаланып, инспектор Нұржан Айдаров оны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.
Қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Оның бұл қадамға жеке мәселелеріне байланысты барғаны белгілі болды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина