Тойға барғанда қандай тағамдарды жеуге болады? Дәрігер кеңес берді

Тойға барғанда қандай тағамдарды жеуге болады? Дәрігер кеңес берді
Фото: massaget.kz

Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында тойға барғанда жеуге болатын тағамдарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлжалғас Сманова тойға барғанда мына тағамдарды жеуге кеңес берді:

  • Ет. Қазақтың ұлттық ет тағамының адам ағзасына пайдасы өте зор. Адамға күніне 60-80 грамм ақуыз тұтыну қажет;
  • Қой, сиыр және жылқы етінің сорпасы;
  • Құйрық-бауыр және қазы. Қойдың майында да, жылқының етінде де холестерин өте аз;
  • Жеміс-жидектер және көкөністерде дәрумендер көп. Дәрумендер біздің ағзамызға өте қажет. Жеміс-жидектерді күнделікті өз мөлшерінде тұтынсақ, денсаулығымызға да едәуір пайдасы болады;
  • Майонез, кетчуп қосылмаған салаттар.

Оқи отырыңыз: Еттен кейін газдалған сусын ішу дұрыс па?

А. Жапатова