Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда полиция басшысының қыз зорлауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Талдықорған қаласы Полиция департаментінің басшысы қыз зорлады деген күдікпен 2 айға қамауға алынды. Мен ақталаймын. Қоғам сенген және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді деген құқық қорғау қызметінің басшысы осындай әрекетке барса, заң аясында қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс. Ұят, больно, обидно, стыдно.
Полиция қатарында мұндай адамдар болмауы керек. Осыдан 10 күн бұрын облысымызға іле-шала Ішкі істер министрі Ержан Сәденов келді. Ол қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізді. Облыстық полиция департаментінің басшысы, 2 орынбасары қызметінен босатылды. Қалған 2 орынбасарына қызметтік лауазымына толық сай емес деген ұйғарым жасалды. Қазір облыстық полиция департаменті басшысы міндетін атқаруға жаңа азамат келді. Қалалық полиция бөлімінің басшысы қызметіне адамды іздеп жатырмыз", - деді Бейбіт Исабаев Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Облыс әкімі бұл қылмыстан соң полицейлермен жеке сөйлескенін атап өтті.
"Жалпы облыстық, қалалық полиция құрамымен Ішкі істер министрі екеуміз жеке кездесу өткіздік. Бір сөзбен айтқанда "состоялся нелицеприятный разговор". Оларға бұлай істеуге болмайтынын айтып түсіндірдік.
"Бір қарын майды бір құмалақ шіртеді" деген қазақта сөз бар. Осы фактіге байланысты полиция қатарында тек осындай адамдар жұмыс істейді деп ой қорытуға болмайды. Сотқа дейін ештеңе айта алмаймын. Оның қылмысы дәлелденсе, ол белгіленген заң шеңберінде қатаң қылмыстық жазаға тартылуы керек. Басқаларына үлгі болсын", - деді өңір басшысы.
Талдықорғандағы резонанс тудырған оқиға: Жетісу облысы ПД бастығы қызметінен босатылды
Еске салайық, бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейінірек ол 2 айға қамауға алынды.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз