- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда өзбекстандық және...
Алматыда өзбекстандық және қырғызстандық әйелдер интим қызмет көрсеткен
Алматыда өзбекстандық және қырғызстандық әйелдер интим қызмет көрсеткен. Жезөкшелікпен айналысқан төрт шетелдік әйел жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, қала қонақүйлерінің бірінде интим қызмет көрсететін 11 әйел анықталды, олардың төртеуі 1997, 2000 және 2003 жылдары туған өзбекстандық және қырғызстандық әйелдер.
Құқықбұзушылар "Құқықбұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес материал жинау үшін Алатау аудандық унитарлық кеңсесіне жеткізілді.
"Қонақүйде ұсталғандар арасынан тағы алты әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабы "Қоғамдық орындардағы алаяқтық" бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Ал қонақүй кешенінің иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабы "Жезөкшелікпен айналысу немесе сутенерлік үшін көрінеу үй-жайлар беру" бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті Алматы қалалық ІІД Көші-қон қызметі басшысының орынбасары Геннадий Мен.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кино тарихындағы ең қымбат фильм қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек