Париж төрінде сүйіктісіне сөз салған блогер әуелі болашақ қайын атасының разылығын алған

Париж төрінде сүйіктісіне сөз салған блогер әуелі болашақ қайын атасының разылығын алған
Фото: instagram.com/aden_margulan

Париж төрінде сүйіктісіне сөз салып, некесін қидырған блогер Марғұлан Әден үйлену тойына қызу дайындықты бастап кетті. Ол әйелімен қалай, қайда танысқаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Марғұлан Әден 1 қарашада Парижде сүйіктісіне үйлену ұсыныс жасап, келісімін алған соң некесін де қиды. Блогер әуелі әйелінің әкесіне қоңырау шалып, разылығын алған.

"Некелескен өте күшті екен. Күшті сезім екен, жаңа кезең басталды. Өзімде де бір жаңа статус пайда болғандай болды. Мәз боп жүрмін", - деді ол.

Марғұлан сонымен бірге әйелімен қалай, қайда танысқанын да айтып берді.

"Бұған дейін айтқан жоқпын. Instagram-ға салмайтынмын. Не істеймін салып? Ертең дұрыс емес бір нәрсе болып қалса, "Осындай қызы бар еді ғой" деп ешкім айтпасын" дедім.

Жансая Иреншиева. 2001 жылғы қыз. Алматы қаласынан, Албанның қызы. Негізі бұрыннан таныспын. 4 жыл бұрын турагенттік ашып, Жанс (Жансерік Қадырбаев), Ратбек үшеуімізді Дубайға апарған. Сол кезде танысқанбыз. Таныс боп жүрдік. Соңғы сөйлесе бастағанда сездім ғой", - деді ол.

Блогер тойы келесі жылы ақпанда болатынын айтты.

"Той, бұйырса, ақпанда. Құдай қаласа, менікі Таразда болады. Тараздікімен ғой. Қыздың ұзатуы Алматыда болады", - деді Марғұлан Әден.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан