- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 5...
Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, кейін өлтірген педофил "Қара бүркіт" түрмесіне ауыстырылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бес жасар қызды зорлап, кейін өлтірген педофил жазасын Қазақстандағы ең қатал түрме – "Қара бүркітте" өтейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
48 жастағы Сайдолим Ғайбназаров қараша айының басында Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі мекемесіне ауыстырылды.
Ол өмірінің соңғы күніне дейін түрмеде жалғыз отырады.
Педофилге түрмеде мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. Оған либидосын төмендететін препарат айына кем дегенде бір рет салынады.
Ғайбназаров осы жылдың қыркүйек айында 5 жасар Еркежан Нұрмаханды зорлап, өлтіргені үшін сотталған. Аса ауыр қылмыс жасағанға дейін ол кісі өлтіргені үшін 10 жылға жуық жазасын өтеп, биылғы мамыр айының басында түрмеден босатылған, оған сол кезде үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілген.
Оның бостандықта жүріп жасаған қылмысы көпшілікті дүр сілкіндірді. Жоғалып кеткен Еркежанды бүкіл ауыл іздеген. Марқұмның туыстарының айтуынша, күдік бұрын сотталған көршісіне түскен. Оның қорасынан бірнеше рет пышақталған қыздың мәйіті табылды. Ал ата-анасының айтуынша, сотталушы ауыл тұрғындарымен бірге қосылып, 5 жасар қызды іздеген. Сот Ғайбназаровты өмір бойына бас бостандығынан айырып, сонымен бірге марқұм баланың отбасына 100 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан