- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұлы сал ауруына...
"Ұлы сал ауруына шалдыққан". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт жалғызбасты анаға көлік сыйлады
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт екі жұмыс істейтін жалғызбасты анаға көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Динара есімді әйел - жалғызбасты ана. Оның 2 баласы бар, кенже ұлы сал ауруына шалдыққан, ал өзінде жемсау, оған қоса, бірнеше несие бар.
"2 жұмыс істеймін. Таңертең баламды емдеуге апарамын, түстен кейін еден жуушы болып істеймін, кешке жалға алға көлікпен такси жүргізушісі болып істеймін таңғы 5-6-ға дейін. Көлікке күніне 7 мың төлеймін. Өзімде зоб (жемсау - еск.), қан қысымым жоғары. Балам жатты, басын көтере алмады, аунаған да жоқ. Апармаған жерім жоқ, өзім де массаж істеймін. Сөйтіп тұрғызған балам, Құдайға шүкір, қазір өзі дәретке барады, тамағын ішеді", - дейді әйел видеода.
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт әйелге несиесін жабуға қаражат беріп, көлік сыйлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әйелді қолдап, пікір қалдырған.
"Әйел заты мықты ғой", "Құдай-ай, біз болмашы нәрсеге шағымданамыз, осындай аналар - нағыз батырлар", "Осындай әйелдерге көмектесу керек", "Мына әйел үшін бір қуанып қалдым, мейірімді ісіңіз үшін рақмет", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек