"Қазақстан темір жолы" Әлия Назарбаева компаниясынан неге бас тарта алмай отырғанын түсіндірді

"Қазақстан темір жолы" Әлия Назарбаева компаниясынан неге бас тарта алмай отырғанын түсіндірді
Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның компаниясы ұсынатын қызметтен неге бас тарта алмай отырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі Нұрлан Сауранбаевқа "Әлия Назарбаеваның Instant Payments компаниясымен байланысты үздіңіздер ме?" деп сұрақ қойды.

"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы келісімшарт бұзылмағанын, оны бұзса, жұмыста қиындық туатынын жеткізді.

"Бұл мәселенің ұзаққа созылғанын білесіздер. Бұл мәселе туындағанда акционер (Әлия Назарбаева - еск.) бірден акционерлер құрамынан шықты. Яғни, ол жоқ.
Министр Бағдат Мусин қасымда отыр. Қазір-ақ ол компаниямен келісімшартты бұзуға болатынын біледі. Алайда одан кейін біз (билетті - еск.) онлайн сатып алу қызметін жолаушыларға ұсына алмаймыз. Демек компаниядан бұл қызметті осылай жұлып алу мүмкін емес.

Сондықтан бүгінде құзыретті беру актісі жүріп жатыр. Ашық конкурс өтті. Оны белгілі бір компания жеңіп алды. Қазір Instant Payments ЖШС-ден конкурсты жеңіп алған жаңа компанияға тапсыру процесі жүріп жатыр. Бұл 1 желтоқсанда болады", - деді басқарма төрағасы.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пойыздар кешігіп келетінін, вагондар тозғанын білетінін айтқан еді. 

Аяз Есен 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz