Маңғыстау облысында екіге бөлініп кеткен жер тұрғындарды шошытты

Маңғыстау облысында екіге бөлініп кеткен жер тұрғындарды шошытты
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Жетібай ауылында жер жарылғаны көрінетін видео тарады. Қарақия ауданының әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Жердегі жарықшақ Жетібай ауылындағы "Асар" кен орнынан солтүстік бағытта орналасқан "ГУ-28" деп аталатын аумақта пайда болды.

Қарақия ауданының әкімдігі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-мен бұл жайттың себептерін анықтау және зерделеу үшін тиісті шарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

"халық пен шаруа қожалықтары иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қолдауымен жерді тегістеу үшін арнайы техника бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген аудан әкімдігі хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова