Астаналық жігіт киім дүкенінен спорттық костюммен қашып кеткен

Астаналық жігіт киім дүкенінен спорттық костюммен қашып кеткен
Фото: видеодан алынған кадр

Астаналық жігіт киім дүкенінде спорттық костюмді киіп, қашып кеткен. Сатушылардың айтуынша, жігіт дүкенге барып, киім ауыстыратын бөлмеде спорттық костюмді киіп алған. Кетер кезде ол кассаға бармай, залдан шығып кеткен, сол кезде ұрлыққа қарсы магнит іске қосылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбаға қарағанда, күдікті қызметкерлерге үстіндегі киім өзінікі екенін айтқан. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, қылмысқа қатысы бар қаланың 27 жастағы тұрғын анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғыны өз әрекетін мойындаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан