Алматы соты Қаңтарда оқ тиіп мерт болған 4 жасар Айкөркемнің әкесіне айыппұл салды

Алматы соты Қаңтарда оқ тиіп мерт болған 4 жасар Айкөркемнің әкесіне айыппұл салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Айдос Мелдеханұлы қатысты әкімшілік істі қарады. Сот оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2 бабының 3 бөлігі бойынша айып таққан.

Соттың хабарлауынша, Айдос Мелдеханұлы биылғы 8 қарашада Facebook-те видео жариялаған. Ол аталған жазбада 21 қазанда көршісінің өзіне шабуыл жасау фактісі бойынша полиция қызметкерлері күдіктіге қатысты әрекетсіздік танытқанын мәлімдеді. "Сондай-ақ полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспаған".

"Сот Мелдеханұлы тарапынан полицияға қандай да бір өтініш және мәлімдеме жасалмағанын анықтады. Сонымен қатар Мелдеханұлы учаскелік полиция қызметкерімен әңгіме барысында шағымдардан бас тартып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілгенін айтқан. Осылайша, Мелдеханұлы желіде жалған ақпарат жариялаған. Ол өз кінәсін мойындамады", - делінген сот хабарламасында.

Айдос Мелдеханұлы сот қаулысымен кінәлі деп танылды және оған 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!