Талғар ауруханасының директоры қызметінен босатылды

Талғар ауруханасының директоры қызметінен босатылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Лаура Мырзағали Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы A-Class Medical сенімгерлік басқарушы компаниясының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лаура Мырзағали жүргізіліп жатқан қызметтік тергеуге байланысты қызметінен босатылған. 

"Бұл шешім жергілікті интернет-басылымдардың ашық беттерінде ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды. Медициналық директорды орнынан алып тастаудағы мақсат - Талғар аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету. Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған деректер мен мән-жайға талдау жасайды. Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік принциптерінің сақталуына кепілдік береді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, компания Талғар аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінен сабыр сақтап, тергеу аяқталмайынша БАҚ пен әлеуметтік желіде мәлімдеме жасамауды сұрады. 

Лаура Мырзағали бұған дейін Алматыда жұмыс істеген. Былтыр мамырда Этика кеңесі оның жалған сыйақы беруден бас тартқан емхана қызметкеріне айғайлағаны үшін оны жұмыстан шығаруды ұсынған. Шенеунік еңбекке жарамсыздық парағын заңсыз рәсімдегені үшін алған қатаң сөгісінен бонус ала алмайтынын айтқан. 2022 жылғы маусымда ол қызметінен босатылды.

2021 жылдың басында 20-ға жуық қызметкер Мырзағалиды мемлекеттік қызметші этикасын сақтамады деп айыптап, мемлекеттік қызмет агенттігіне арыз жазған. Ол келгеннен кейін бөлімнен 10-нан аса маман жұмыстан кеткен. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек