Атырауда із-түзсіз жоғалған қыз табылды

Атырауда із-түзсіз жоғалған қыз табылды
Фото: ТЖД

Атырауда із-түзсіз жоғалған қыз табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 14 қарашада кешке 20 жастағы қыз үйінен шығып кетіп, оралмаған. Екі күннен кейін жоғалған адамның туыстары құтқарушылардан көмек сұрады. Бірінші кезекте құтқарушылар Жайық өзенінің жағасы мен саяжай учаскелерінің аумағынан қызды іздеді.

17 қарашада құтқарушылар жоғалған қызды тапты. Ол Жұмыскер шағынауданындағы сарайда болған. Қыз полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Олар оқиғаның себептерін анықтайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова