Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғындары қалай есептеліп анықталды?

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғындары қалай есептеліп анықталды?
Фото: pexels.com

Күні кеше Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғындары дүниеге келген болатын. Ұлттық статистика бюросының өкілдері санақ қалай жүргізіліп отыратынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы ай сайын халық саны бойынша есеп жүргізіп отырады. 

"Оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларынан келетін өлім-жітім, туғандар бойынша келетін ақпарат бар. Сонымен қатар, көші-қон ақпараты да ескеріледі. Яғни Қазақстаннан тұрақты тұруға кеткен және келген азаматтардың саны есептеледі. Олардың жиынтық көрсеткішін санап шыққанда бір айда адам саны қаншаға өскенін есептеп отырамыз", - дейді Ұлттық статистика бюросының өкілдері Massaget.kz тілшісіне. 

Осылайша 20 миллионыншы тұрғын 14 қарашада өмірге келгенін анықталған.

"Мерейлі күн жақындай бастаған кезде ай сайын ғана емес, күнде есептей бастадық. Яғни күнделікті базадан қандай мәлімет келсе, соны санап отырдық. 14 қарашада 20 миллионынша бала өмірге келеді деп болжам жасадық. Сондықтан 15 қарашада барлық ақпаратты есептеп, балалар 14 қарашада дүниеге келгенін анықтады. Бір күнде, бір уақытта бес бала өмірге келді. Сондықтан бес баланы да 20 миллионыншы тұрғын деп атауды жөн көрдік. Осылайша 16 қарашада халыққа жария еттік", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері Massaget.kz тілшісіне. 

Бес балаға 20 миллионыншы тұрғын екенін дәлелдейтін арнайы туу туралы куәліктері дайындалды

Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғындар өмірге келгенін жария еткен болатын.

Ата-анасы төрт жыл күткен: Атырауда 20 миллионыншы қазақстандық дүниеге келді

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар. Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3 пайыз өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7 пайыз өсті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина