- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер өт қызметін...
Дәрігер өт қызметін дәрісіз жақсартудың жолдарын айтты
Өт қабаның сапалы қызметі өміріңізді ұзартады. Интегративті медицина дәрігері Руслан Масгутов "Доктор Питер" порталына бұл маңызды органның жұмысын қалай жақсартуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өт шығуының бұзылуы қауіпті ауруларға, мысалы, бірінші типті диабет, асқазан және аш ішек жарасы және тіпті, паникалық шабуылға әкелуі мүмкін. Қауіп тобына көптеген адамдар кіреді. Себебі заманауи өмір салты және басқа да сыртқы факторлар өт қабының жұмысын нашарлатады.
Өтіңізбен проблема бар екенін өзіңіз байқауыңыз мүмкін. Оны мына белгілер көрсетеді:
- Тілде жасылдау-ақшыл өңездің пайда болуы;
- Оң жақ қабырға астының ауыруы (ол әдетте майды тамақ жегеннен кейін пайда болады).
"Егер өзіңізден осы белгілерді байқасаңыз, құрсақ қуысы органдарын және өт қабын УДЗ-ға түсіріңіз: алдымен аш қарынға, содан соң өт айдайтын тамақ жегеннен кейін 45-60 минут өткен соң оны тағы түсіру керек. Бұл зерттеу өтте тас бар немесе жоқ екенін анықтайды. УДЗ сондай-ақ өт қабының жиырылу және өтті аш ішекке жеткізу қабілетін бағалайды. Егер өтте тас болмаса, бірақ оның жиырылу қабілеті төмен болса, оны дәрілерсіз жақсартуға болады. Оның бірнеше әдісі бар", - дейді дәрігер.
Аш қарынға жылы су ішу
Жылы су суық суға қарағанда жақсы сіңеді және ол су тепе-теңдігін қалыпқа келтіреді, ал бұл өт жағдайына жағымды әсер етеді. Таңертең аш қарынға бір стақан жылы су ішу өт айдағыш жүйені іске қосады. Су жылы немесе сәл ыстықтау болуы керек. Бұл қарапайым әдіс өтті сұйылтады. Аш қарынға жылы су ішуді әдетке айналдырған жөн.
Фитошайлар ішу
Өт шығуын реттеудің тағы бір әдісі – арнайы шөптік шайлар ішу. Оны әсіресе тамақ ішуге жарты сағат қалғанда ішкен дұрыс. Бірақ міндетті түрде өз дәрігеріңізбен кеңесу қажет.
Тамақтанғаннан кейін жатпау
Заманауи адамдар көп уақытын отырып өткізеді және аз қозғалады. Органға тамақтанғаннан кейін күш түседі. Өт қабы өтті өт жолдарымен аш ішекке жеткізу үшін жиырылады. Егер бұл кезде адам жатса, онда өт қабы бұралады және өзінің негізгі қызметін атқара алмайды.
Оқи отырыңыз: "Өт қабында тас жиналу, тұмау". Ешкі сүті қандай ауруларға шипа?
А. Жапатова