Семейде студенттер университет күзетшісіне тосын сый жасады

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде студенттердің Семейдегі Шәкәрім университетінің күзетшісін туған күнімен құттықтаған видеосы тарады. Ер адамның тосын сыйды көрген кездегі реакциясы қазақстандықтардың жүрегін жаулады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Видеодан студенттердің жиылып, тортты сатып алып, сол күні жұмыста отырған күзетшіні туған күнімен құттықтағанын көруге болады. Ер адам не болып жатқанына сене алмағандай таңырқап қалған. Студенттер оған торттағы шамды үрлетеді. Күзетші шамды үрлеп, қол шапалақтап, бірнеше рет "Рақмет" деп айтады.

@shakarim.itf

Самый лучший❤️‍?✨

♬ الصوت الأصلي - الصَمِت"?

Видео бірнеше күннің ішінде 600 мыңға жуық қаралым жинаған.

Желі қолданушылары "Оның жақсы адам екені көрініп тұр", "Қандай сүйкімді", "Мен оны танимын, керемет адам" деп пікір жазған.

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеодағы ер адамның аты-жөні Мамырбек Ташкенбаев екен. Ол келісімшарт негізінде университетке күзет қызметін ұсынатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істейді.

"Бізде үш жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келе жатыр. Осы жылдар ішінде ол өзін жақсы жағынан, ниеті адал және ұқыпты маман ретінде көрсетті. Әріптестер мен университет басшылығы оны өз ісін жақсы білетін, жауапты, талапты қызметкер ретінде біледі және құрметтейді. Ол – сүйікті жар, әке және ата", - деді баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан