Оралда кәсіпкер аяусыз соққыға жығылып, қаза тапқан

Оралда кәсіпкер аяусыз соққыға жығылып, қаза тапқан
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде Оралда кәсіпкер аяусыз соққыға жығылып, қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:05-те Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға 1969 жылы туған азамат жеткізілген. Алайда жәбірленуші алған түрлі жарақаттары салдарынан ауруханада жан тапсырған. Мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жолданыпты.

"Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының және Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, қолға түсірді", - делінген хабарламада.

Ол бұрын сотталмаған, Орал қаласының 1981 туған тұрғыны екені анықталды. Күдікті Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова