Газа секторы: Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды

Газа секторы: Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды

Газа секторынан 44 қазақстандықты эвакуациялау басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айутынша, Қазақстанның Мысырдағы, Иорданиядағы және Израильдегі елшіліктердің үйлесімді және нақты іс-қимылдарының арқасында жерлестерімізді қауіпсіз жерге көшіру басталған.

"Отандастарымызды Газа секторынан эвакуациялау процесі басталды. Бүгін, 13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топты эвакуациялау басталған. Бұл топта Қазақстанның 40 азаматы және олардың 4 шетелдік отбасы мүшелері бар", - деді СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінде Қазақстаннан басқа 9 мемлекет азаматтарын эвакуациялап жатыр. Олар – Маракко, Иордания, Ресей, Испания және Швеция, Нидерланды, Перу, Ұлыбритания, АҚШ.

"Эвакуация Газа секторы мен Мысыр арасында орналасқан "Рафах" өткізу пунктінен іске асырылады. Бекеттен барлығы 594 адам өтеді. Пунктен өткеннен кейін қазақстандықтар Каирге көлікпен жеткізіліп, қонақүйге орналастырылады. Содан кейін Қазақстанға жеткізіледі", - деді Айбек Смадияров.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz