Желіде бір топ адамның мешітте "Аллаху акбар" деп айғайлап жатқан видеосы тарады

Желіде бір топ адамның мешітте "Аллаху акбар" деп айғайлап жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Атырау қаласындағы "Иманғали" мешітінде болған. 

Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір жазған. 

"Не болып жатыр мына жерде?"

"Кім келген?" 

"Неге олай айғайлап жатыр?", - дейді Желі қолданушылары.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06 ? (@atyrauoil.official)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Нұр-Мүбарак мешітінің ұстазы, елімізге белгілі исламтанушы Нұрсұлтан Рысмағанбет Атырау облысына бір күндік іс-сапармен келген. 

Сапар барысында Атырау қаласындағы бірнеше мешітте жамағатпен кездесіп, қоғамға пайдалы болу, білім алу, іздену, өнеге тақырыптарында насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина