- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Біреудің көңіліне, ниетіне...
"Біреудің көңіліне, ниетіне қараймын". Қайрат Әділгерей қаламақысы қанша екенін айтты
Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей жаңа алған баспанасын көрсетіп, қаламақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайрат Әділгерей мен оның әйелі Бақыт Тұрман "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында жаңа алған баспанасын көрсетті.
"Үйді 93 миллионға алдық. Енді салынып жатқанда алдық. Жөндеу жұмысына жиһазымен қоса 50 миллиондай кетті. Бәріне 155-160 миллиондай ақша кетті", - деді Қайрат Әділгерей.
Сондай-ақ, әзілкеш қаламақысы туралы айтты.
"Келіскенге байланысты. Біреудің көңіліне, ниетіне қараймын. Біреулер болады: "Осы барымды жинап берсем де, сені шақырғым келеді" дегендерге қатаймаймын. Қатып қалған баға жоқ. 500 мыңнан бастап, 2 миллионға дейін", - деп бөлісті өнер иесі.
Еске салайық, бұған дейін журналист Анна Данченко әзілкеш Қайрат Әділгерейдің 150 миллион теңгеге салған жаңа үйін көрсеткен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек