- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қаншама еркектер әйелдерінің...
"Қаншама еркектер әйелдерінің өмірін үзіп жатыр". Ерке Есмахан жанұядағы жауыздық мәселесін көтерді
Танымал әнші Ерке Есмахан отбасында әйелдеріне қол көтеретін ер адамдар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Insatagram-парақшасында бөлісті. Әншінің оқырмандарының бірі одан "Жасы кіші жігітке күйеуге шықты дегендерге не дейсіз?" деген сұрақ қойды.
"Дым демеймін. Әлемде, біздің Қазақстанда кейбір жанұяларда қандай жауыздық болып жатқанын көріп, біліп отырсыздар. Еркектің қолынан қаншама әйел, бала қорлық көріп жатыр. Бақытты болу немесе шаңырақтың шайқалуы ештеңеге қарамайтынын қалай әлі түсінбейсіздер. Қаншама ес жиған, орта жасқа келген еркектер әйелдерінің өмірін бұзып, үзіп жатыр. Ер адамның әйелін аялауы, сүюі, бағалауы, аманатын қорғауы жүрегіндегі иманы мен тәрбиесіне байланысты ғой. Ал сіздер әлі сол айналып келіп, жасты ойлайсыздар. Ақыл жаста емес, баста!" - деп жазған ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек