- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үнемі шаршап жүресіз...
Үнемі шаршап жүресіз бе? Дәрігер қауіпті себептерін атады
Ұзақ уақыт шаршап жүру және әлсіздік жұқпалы, соматикалық, психикалық аурулардың белгілері болуы мүмкін. Бұл туралы дәрігер Ольга Шуппо айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Маман пікірінше, шаршаудың себептері созылмалы вирус инфекцияларынан, иммун және нейроэндокрин жүйелеріндегі бұзылыстардан, митохондриялық дисфункциядан, созылмалы күйзелістен, гиподинамиядан, дұрыс тамақтанбаудан басталады екен.
"Әлсіздік пен шаршау қауіпті ауруларды көрсетуі мүмкін: есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жүрек, іш және арқа аймағындағы ауырсыну, мазасыздық", - деді ол.
Әлсіздік пен ұйқышылдық гипотиреоз сияқты қалқанша безінің патологиясынан да пайда болады. Сонымен қатар, ол қарапайым қан сынамасында анықталмайтын жасырын гипотиреоз арқылы пайда болуы мүмкін екен.
Шаршау бүйрек үсті безінің проблемаларын да көрсетуі ықтимал. Бүйрек үсті безі адреналин, кортизол және кортикостерон бөледі, осылайша, олар күйзеліске қарсы тұрады. Осы гормондардың жетіспеушілігінен кортизол төмендейді, ал адам әлсірейді, ұйқышыл болады, шашы түседі.
"Микроэлементтер мен дәрумендер жетіспеушілігінен де адам тез шаршайды", - деп ескертті дәрігер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова