Степногорскіде жоғалған қыздың орналасқан жері анықталды

Степногорскіде жоғалған қыздың орналасқан жері анықталды
Фото: polisia.kz

Степногорскіде хабар-ошарсыз кеткен қыз Астанадағы мединалық мекемеден табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Степногорск полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғынның жұбайы 22 жастағы Елена Моисееваны іздеуге жәрдемдесу туралы өтініші түскен. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған адамның орналасқан жері анықталды. Ол астанадағы медициналық мекемелерінің бірінде жүрген.

Оған қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалған жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан