"Жездем сіңілімді зорлады". Әйел бастарынан өткен сұмдық жайтты айтты

"Жездем сіңілімді зорлады". Әйел бастарынан өткен сұмдық жайтты айтты
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Human Rights Lawyers" басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі бастарынан өткен қиын жайтты айтып хат жолдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, сіңілісін жездесі зорлаған.

"Менің жасым 23-те. Менен кейін екі сіңілім бар. Отбасым бар. Аллаға шүкір 2 қызым бар. Шүкір, зорлықтың құрбаны болмадым. Бірақ мені нағашы жездем бірнеше рет зорламақ болған. Қаншама рет. Өз-өзімді қорғай алатын қыз болған соң ба сол адамды ұрып соғып тістеп өзіме жолатпайтынмын. Әке-шешеме айтуға ұялдым, бір жағынан қорықтым. Әпкемнің 2 ұлы бар, отбасын ойран етем бе деген ойлар болатын. Ол кезде мен 16-17 жасар едім. Мектеп бітіретін кезім. Мектепті бітіріп жоғары оқу орнына түстім, өзім қалайтын. Тағы тиіспекші болды жездем каникул кезінде келгенде. Содан шыдамай мен өзім сөйлесіп жүрген баламен қашып кетіп, отау құрдық. Қазір бақыттымын. Ол нағашы әпкем мен біздің үй көрші тұғын. Ендігі мәселе менен кейінгі сіңілімді ол ауру 10-сынып оқып жүргенде зорлапты. Қазір ол сіңілім студент. Болашағына алаңдаймын. Қазіргі жігіті бар екен. Онымен де жақын қарым қатынаста жүр. Жаныма бататыны өзім сол кезде дабыл қақпағанымның арқасында осындайға жетіп отыр сіңілім. Ендігі не істерімді білмеймін. Өзімді кінәлі сезініп жүрмін. Ол қыз маған айтпаған. Байқамай телефонынан қазіргі жігітімен түскен фотоларын көріп қалып сөйлескенде айтып отыр, онда да ол зорлағанын айтқан жоқ. Содан 2 күн бұрын жігіті звандап маған бар шындықты айтты. Жүрегім ауырып уайымдап жүрмін. Не істесем болады?" - деп жазған хат иесі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова