14 адам қаза тапқан: Абай облысындағы орманда шыққан өрттің себебі айтылды

14 адам қаза тапқан: Абай облысындағы орманда шыққан өрттің себебі айтылды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратурамен Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, 27 қазанда іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметі не сілтеме жасап.

Өрт салдарынан 60 мың гектар орман қоры жойылған. "Семей-Орманы" резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза болған.

Тергеп-тексерумен өрттің шығу себебі қылқанжапырақты ағаштың діңіне түскен найзағай (құрғақ найзағай), жер жамылғысының тұтануына себеп болған.

Бұл нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталады.

Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына пәтер берілді

Өрт кезінде "Семей-Орманы" резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде 14 тұлғаның өліміне әкеліп соққан.

"Семей-Орманы" резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292 бабының 3 бөлігімен сараланып (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген), "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Экология және табиғи ресурстар және төтенше жағдайлар министрліктерінің лауазымды тұлғаларының әрекетсіздік дерегімен тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Мамандардың қорытындылары алынғаннан соң барлық лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина