Экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді - дереккөз

Экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді - дереккөз
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астанада бірнеше сағат бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Бұл туралы Telegram-арналардың бірінде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Telegram-арна мәліметінше, бұрынғы шенеунік әйелінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Ал салдарынан әйел қаза тапқан.

"Алдын ала мәліметтер бойынша сыбайлас жемқорлыққа байланысты жазасын өтеген бұрынғы шенеунік мас күйде әйелін мейрамханада ұрып-соққан", - делінген арна мәліметінде.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді. 

Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды.

Кейін экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова