"Қазағымның қара нары, аман болыңыз". Өзіне арналған арнауды естіген Жүрсін Ерман көзіне жас алды

"Қазағымның қара нары, аман болыңыз". Өзіне арналған арнауды естіген Жүрсін Ерман көзіне жас алды
Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның соңғы кезде денсаулығы сыр беріп, шетелде ем алып жүр. Ақынның хәл-күйін сұрап бір топ айтыс ақындары Жүрсін Ерманның үйіне барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өзіне арналған жыр шумақтарын Жүрсін Ерманға өзінің instagram парақшасына жариялады. 

"Сөйлейін, жастығыңыз түрегелсін.

Жүрсін аға топтарға кіре берсін.

Жуырда "Алтын домбыра" өтеді дейді.

Өзіңіз де барсам деп тілегенсің.

Бұйырса, сол додада жолығайық.

Жүрсін ағам ұзақ ғұмыр сүре берсін.

"Алтын домбыра" деген не тәйірі?

Көлікті де, басқа ақын міне берсін.

Ең бастысы, жұртымның ортасында,

Жүрсін ағам жарқырап жүре берсін", - деді Аспанбек Шұғатаев. Видеодан Жүрсін Ерман айтыскердің арнауынан соң көзіне жас алғанын байқауға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Журсин Ерман (@zhursin_yerman)

Желі қолданушылары жылы лебізін білдіріп, Жүрсін Ерманның тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін білдіріп пікір қалдырды. 

"Қазағымның қара нары, аман болыңыз", "Емі шипалы болсын", "Алла шипасын берсін", "Сауығып кетіңіз", "Келбеті жақсарып қалыпты", "Жарқырап жүре беріңіз", - деп жазды олар.

Айта кетейік, былтыр ақын Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған еді. Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады. Айтыс ұйымдастырушысы Швецарияға барып, ем-дом қабылдады. Елге оралған соң ақын "Орден" наградасымен марапатталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы