Өміріңізге қауіпті: мұрыннан қан кеткенде, оны мұндай жолмен тоқтатуға тырыспаңыз!

Мұрыннан кенеттен қан кетсе, абдырап, не істеріңізді білмей қаласыз. Әдетте мұрынның қанауы жарақат немесе ауаның кесірінен мұрынның шырышты қабаты құрғаса, қан кетеді. Дәрігер мұрыннан қан кетуді тоқтатқан кезде өмірге қауіпті кейбір қателіктер туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, көптеген адамның мұрнынан кет кеткенде, олар оны бірінші кезекте тоқтатуға тырысады. Бірақ мұнда олардың барлығы дерлік бір қауіпті қателік жібереді.

"Мұрыннан қан кеткен жағдайда, ешқашан басыңызды еңкейтіп, мұрныңызды аспанға көтермеңіз. Сізге қанның кетуі тоқтағандай көрінеді. Алайда олай емес. Біз басымызды жоғары көтергенде, қан тамақтың артқы жағынан асқазанға немесе өкпеге ағу қаупі бар. Құсуыңыз, тіпті қан тыныс алу жолдарын жауып тастаса, тіпті тұншығып қалуыңыз мүмкін", - дейді Никки Юркутц.

Сондықтан келесі жолы мұрыннан қан кетсе, үрейленбеңіз және сарапшы кеңестерін есте сақтаңыз:

  • Тік отырыңыз.
  • Басыңызды сәл алға еңкейтіңіз.
  • Басбармақ пен сұқ саусағыңызбен мұрынның жұмсақ бөлігін кем дегенде 10 минут басып тұрыңыз.

Қан тоқтағаннан кейін алға қарай еңкейген қалпыңызды сақтап,  мұрныңызды жылы сумен шайыңыз. Біраз уақыт физикалық белсенділіктен аулақ болуға тырысыңыз. Егер сізге мұрынды тазалау қажет болса, тамырға зақым келтірмеу үшін оны мүмкіндігінше мұқият жасаңыз.

Мұрыннан қан кетсе, қандай жағдайда жедел жәрдем шақыру керек?

Әдетте мұрынның қанауы медицинаны қажет етпейді. Алайда, дәрігерлердің көмегіне жүргінуді керек ететін жағдайлар бар. Жедел жәрдем шақырыңыз, егер:

  • қанның мөлшері кәдімгі мұрыннан қан кетуге қарағанда көп;
  • тыныс алу қиын;
  • қанды жұтып қойғандықтан, қанды құсу пайда болды;
  • қан кету 20 минуттан ұзаққа созылды (балада 10 минуттан артық);
  • қан кету күні бойы бірнеше рет қайталанды;
  • қан кету басқа соққы тигеннен кейін басталды.

Айта кетейік, бұған дейін мұрын қанауының 12 себебі  хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әріптеске қандай гүл сыйлау керек?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз