"Желтоқсан көтерілісіне қатысқаным үшін алты айға қамалдым". Танымал актриса өміріндегі қиын кезең туралы айтты

"Желтоқсан көтерілісіне қатысқаным үшін алты айға қамалдым". Танымал актриса өміріндегі қиын кезең туралы айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал актриса Гүлнар Байбосынова "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, осы жағдайдан кейін жұмысқа орналасуы да қиындаған. Ал кино әлеміне бірнеше жылдан соң оралған.

"Біздің маңдайымызға 86 жыл сарт ете қалды. Одан да біраз азап көрдік, қуғынға ұшырадық. Камераға отырғызып қойды. Алты айдай тергеу жүрдік. 19 жасымда. Қамап тастады. "Бізге агитация жасадыңдар" деп тексерді. Оқуға да, жұмысқа тұруға да өте қиын болды. 15 жылы (2015 - еск.) қайтып келдім. Осы үйді бастап жатқан кезде бірінші кинома жол тарттым. 8 жылда 74 сериалда ойнап тастадым", - дейді актриса.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова