Ер адам әйелі туралы күтпеген ақпаратты естіп, 12 жыл некеден кейін ажыраспақ

Ер адам әйелі туралы күтпеген ақпаратты естіп, 12 жыл некеден кейін ажыраспақ
Фото: pixabay.com

Reddit қолданушысы әйелі туралы күтпеген ақпаратты естіп, 12 жыл некеден кейін ажыраспақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның сөзінше, ол әйелімен психотерапия сеансына барып жүрген кезде жұбайы оны жақсы адам деп санамайтынын біліп қойған. 

Жазба авторы әйелімен 12 жыл бірге тұрғанын айтады. Кейінгі жарты жылда әйелі психотерапевтке барып жүр екен. Бір күні ол күйеуінен кезекті сеансқа бірге баруын сұраған. 

Ер адамның айтуынша, психотерапевт оған және әйеліне жұбайы адамдарға сене алмайтынын айтқан. 

"Менің әйелім барлық адам екіжүзді деп санайтынын айтты. Оның сөзінше, әркім өз пайдасы үшін ғана жүрген көрінеді" - дейді ер адам. 

Жазба авторы әйелі мейірімді екенін және адамдарға көмектесуге дайын тұратынын жеткізді. 

"Ол - ветеринар, егер жануарды құтқара алмай қалса депрессияға түсіп кетеді", - дейді ер адам. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина