- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балғынбек Имашев тәсбих...
Балғынбек Имашев тәсбих ұстаған адамның мешітте телефонын қалай ұрлап кеткенін айтып берді
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев мешіттен телефонын қалай ұрлатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Bilgen durys каналына берген сұхбатында айтты.
"Ұрлықтың көбі мешітте жасалады, мешітте өзімнің телефонымды да жоғалттым. Өзім қаншама ақша жоғалттым. Адамдар мешітте барып, аяқ киімдерінен айырылып жатады. Камера қойса, ол сап тыйылады. Сол телефонымды жоғалтқан кезде "Қандай адам мешіттен ұрлық жасайды екен?" деп ойладым. Алматыда Әуезов ауданында жоғалттым. Тергеушілермен жұмыс жасағанда басқа ұлттық өкілі болып шықты. Намаз оқымайды, шортымен кіріп, былай-былай қарап, зарядкаға қосып қойғам ғой. Ақырын барып, қасына отырған. Тәсбих ұстап, дұға жасаған сияқты болған да ақырын телефонды алып, кетіп қалған. Камерада бәрі жазылып тұр. Сонда ол намаз оқитын адам емес. Мешітке де қатысы жоқ адам, бірақ мешіттен ұрлап жатыр. Ал ұрлатқан адам не ойлайды? Намаз оқыған бір адам кетті деп ойлайды. Сондықтан да бұл жерде анықтап қарау керек. Еш нәрсеге көз жеткізбей, жалпы үкім жасай бермеу керек", - деді ол.
Айтыскер ақынның сөзінше, діндар адамдардың ішінде айтқан уәдесінде тұра алмай, қарызын қайта алмай жүргенін айтты.
"Кемшіліксіз адам жоқ қой. Адамның бәрінде кемшілік бар. Біздің де белгілі бір деңгейде өзіміздің қойған сақаламызға, болмаса "мұсылманмын" деп айтқан сөзімізге лайық болмай қалатын кезіміз көп. Ол әдейі болмауы мүмкін. Өзіміздің әлсіздігімізден, ұмытшақтығымыздан болуы мүмкін", - деді Балғынбек Имашев.
Ол бұған қоса қасиеттер ұғымдар алаяқтықтың құралынына айналғанын айтты.
"Сақалды кім қоймай жатыр. Әншілер де қойып жатыр. Рабочий", "не рабочий сақал" деген әзіл боп кетті ғой. Сол сияқты сақалды актер де, гейлер де қойып жатыр. "Евровидениені" жеңіп алған Кончитаның өзі сақалды ғой. Сол сияқты сақал деген көрсеткіш емес", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан