"Бұтымды былай шешті" деп бәрін айтқан". Қызын енесіне қарауға тастаған әйел сұмдық жайтқа тап болған

"Бұтымды былай шешті" деп бәрін айтқан". Қызын енесіне қарауға тастаған әйел сұмдық жайтқа тап болған
Фото: UNICEF

"Human Rights Lawyers" басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі оған сұмдық жайт туралы хат жазып, бүкіл ананы сақтандырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үш күн бұрын ғана болған оқиға. Ешкімге сенбесін аналар, қыздарын тастамасын. Подругам 3 жасар қызын ата-енесінің үйіне тастап жұмысқа кетеді. Кешке келгенде алып кетеді. Сол күні кешке қызы "ағам былай істеді" деп өзінен үлкен 5 жасар әпшенің артына тұрып, бұтын шешіп көрсетіпті. "Бұтымды былай шешті" деп бәрін айтып берген. Күйеуіне айтып, "ініңді көрдің бе не істегенін, қазір барып жанын шығарамыз, жүр" десе, күйеуі "қоя берші, ештеңе істемепті, сау екен ғой қызымыз, әкеміз білсе, оны өлтіреді сосын" деп бармай қойыпты. Жылап еңіреп отыр енді. "Әлі ұмытпаған, айта береді қайта-қайта" дейді", - деп жазған заңгердің оқырманы.

Хат иесінің сөзінше, 3 жасар қызға бұлай істеген - 9-сынып оқушысы.

"Қызына істеген - ол өзінің ағасы, папасының туған інісі, 9-сынып оқиды. Бір ай бұрын көршілермен қырылған екен сол баласы үшін подругамның ата-енесі. Көршілерінің 5 жасар ұл баласына да солай істеп, оның мамасы келіп, айқай шығарған екен. Сөйтсе, енесі өздеріне жауыпты, "түнде өздеріңді көрген не істегендеріңді, телефоннан көрген, сосын өтірік айтады балаң" деп. 5 жасар баланың өзіне жауып, өздеріне ұрысып беріпті. Қорқатын заман болды, мен қазір қыздарымды көшеге де шығармаймын", - деп жазған хат иесі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова