"1000 доллармен бардым". АҚШ-та жұмыс істеген қазақ қызы шетелдегі өмірі туралы айтты

"1000 доллармен бардым". АҚШ-та жұмыс істеген қазақ қызы шетелдегі өмірі туралы айтты
Фото: Желіден

24 жастағы Арайлым Сағынова АҚШ-қа барып, 4 ай жұмыс істеп келген. Ол шетелде өмір сүрудің қиындығы мен ерекшелігі туралы  Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

"Жұмыс табу қиын болды"

Арайлым 2016 жылы Қ.Сәтбаев атындағы университетке оқуға түсіп, қос дипломды бағдарлама бойынша бітіріп шыққан.

@araikaa2402 #fyp #работавамерике #америка #сша #чарлстон #рек #rec ♬ Когда была любовь - DELIN

"Бакалавр бітірген соң 2020 жылы Алматы технологиялық университетіне магистратураға оқуға түсіп, тағам қауіпсіздігі мамандығы бойынша тәмамдадым. Оқу бітірген соң шетелде жұмыс істеп көргім келді. Сосын бірден Американы таңдап, Алматыдағы виза орталықтарына барып, сұрастырдым. Барып келген адамдардың пікірін білдім. Шешім қабылдап, визаға дайындалдым. Студент кезімде академиялық ұтқырлықпен Еуропада жарты жылдай оқып келдім. Соның әсерінен болар, тіл үйрену маған қиындық келтірмеді. Визаға ғаламтор арқылы өзім дайындалдым. 160 долларға виза алып, 235 мың теңгеге билет алып, құрбым екеуміз бірден Нью-Йоркқа келдік. Бірақ жұмыс табу қиын болды", - деді ол. 

Ол алғашқы уақытта бір аптадай тіркеу бөлімінде жұмыс істеген.

"3 аптадай Нью-Йоркта тұрдық та, Южная Корелина штатына кетіп қалдық. Онда біз буряттармен бірге тұрдық. Сөйтіп, бастапқы уақытта келген қонақтарды күтіп алып, шығарып салатын тіркеу бөліміне жұмысқа тұрдым. Жұмыс тек түнгі кезекте болғандықтан бір апта ғана жұмыс істедім. Себебі маған қиын болды. Сосын асханаға ауыстым. Мұнда 6 күн жұмыс істеп, бір күн демалдым. Екі ауысымда жұмыс істедім. Таңертеңгі ауысымда сервер болдым. Яғни қонақтарға чек апаратынмын. Себебі ол жақта шведский стол болғандықтан, өзіне-өзі қызмет ету қосылған еді. Сол үшін де сервердің жұмысы қиын болмады. Ал түскі ауысымда аспаз болдым. Әртүрлі тамақтар дайындадым. Жалақысы 15 доллар болды", - деді Арайлым Сағынова.

"Американдықтарға таңғалдым"

Арайлым американдықтардың әрқашан күліп жүретіні таңғалдырғанын атап өтті.

@araikaa2402 #fyp #rec #рек #чарлстон #южнаякаролина #работавамерике #коллектив #america #cambria ♬ You're Somebody Else - 周森&DJ阿金

"Олардың үнемі кез келген қызмет ету орнына сыйлық ақы қалдыратыны таңғалдырды. Мәселен, шаштараз, косметология, тамақ ішетін жер немесе кез келген дүкенге, тіпті таксиге мінгенде де артық ақша қалдырады. Сондай-ақ, сауда жасаған соң тауар ұнамай қалса, соны қайтарып берсеңіз кері қабылдап алады. Мұны бұрын әлеуметтік желілерден ғана көргенмін", - деді ол.

Ол осы оқиғаға қатысты оқиғаларымен де бөлісті.

"Құрбым екеуміз бір жерден кокос сатып алғанбыз. Кокостың ішіндегі құрамы салқын болды да, микротолқынды пешке салып, жылытуын өтіндім. Олар менен кешірім сұрап, қайтадан кокос жасап берді. Тағы бір жағдай, кофейнядан қазір хит боп жатқан матча сатып алдым. Қазақстаннан да мұның дәмін татқанмын. Бірақ америкалықтардың матча шайы мүлде ұнамады. Сосын сатып алған жерге барып, ұнамайтынын айттым. Қайтадан каппучино жасап беруін өтіндім. Ол кешірім сұрап, айтқанымды дайындап берді. Яғни бұл жақта ұнамаған тауарды кері қабылдап алу немесе ұнағаныңызға ауыстыру қалыпты нәрсе", - деді Арайлым Сағынова.

"1000 доллармен бардым"

Арайлымның айтуынша, тағамдарда таңдау көп болмаған.

@araikaa2402 #fyp #america #rec #tiktok #рек #работавамерике?? ♬ original sound - Araikaa

"Америкаға 1000 доллармен бардым. Бір айлық шығыным 550 доллар болды. Асханада жұмыс істегендіктен, тамаққа көп ақша кетті деп айта алмаймын. Пәтер, коммуналдық төлемдер мен тасымалдау осы ақшаның ішіне кірді. Жұмыста сорпа, қарақұмық, күріш, тауық жейтін едік. Олар көбінесе фаст-фуд жейді, көп тағамдарында шошқаның еті бар", - деді ол.

Ол алғашқы табысына телефон алған.

"Америкада жалақыны чекпен алдық. Алғашқы жалақыма iPhone 14 pro 512 алғанмын. Оған дейін қолданған телефонымның жадысы аз еді", - деді ол.

Америкада қызметкерді жұмыстан босататын кезде оған себебін айтпайды.

@araikaa2402 #fyp #newyork #rec #timessquare #america ♬ original sound - Araikaa

"Бұл жақта таксилер қолма қол ақша қабылдамайды. Тек карта арқылы алады. Біз Bank of America деген карта аштырып, сол арқылы төледік. Таксиге 15-20 доллар кетіп қалатын.

Сондай-ақ, американдықтар қызметкерге не үшін жұмыстан шығарылу себебін айтпайды. "Сіз жұмыстан босатылдыңыз" деп, күліп шығарып салады. Себебін айтса, ол кісі ренжіп қалуы мүмкін екен", - деді ол.

"Қымбатшылыққа дайын болу керек"

Арайлым Америда қазақстандықтар өте көп екенін атап өтті.

@araikaa2402 Коллегаларыммен би???❤️ #fyp #tiktok #rec #работавамерике #рек #америка #чарлстон ♬ original sound - Araikaa

"Мен жұмыс жасаған қонақ үйде қазақтар көп болды. Ең жасы 20 жаста болса, үлкені 69 жаста еді. Украин, Ресейден келгендер де бар. Бірақ қай елде жұмыс жасасаң да, өз еліңе жетпейді. Сол үшін елге қайтып оралдым. Алдағы уақытта басқа штаттарына қайта барғым келеді. Әзірге мамандығым бойынша қызмет етемін", - деді ол.

Ол жұмыс істеуге келетіндерге пайдалы кеңес берді.

"Виза алғаннан кейін жұмыс бірден табылып кетпейді. Келмей тұрып, қайда жұмыс істейтінііңді, бәрін жоспарлау керек. Одан кейін қымбатшылыққа дайын болған жөн. Біз тұрған штатта жолақысы 2 доллар болды. Нью-Йоркта кішкентай бөлменің өзін екі адам 1500 долларға жалдадық. Сондай-ақ, мұнда тышқандар, көшеде толып жатқан қоқыстарға және марихуана иісіне дайын болу керек", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін әншілердің баласы баратын мектептің басшысы кәсіпті қалай бастағанын айтып бергені туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жұмыстан не үшін шығарып жіберуі мүмкін?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы