- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қынамен маникюр жасауға...
Қынамен маникюр жасауға бола ма? ҚМДБ жауабы
Желіде қынамен жасалатын маникюрге қатысты видео пайда болды. Видеода тырнақ қына боялса, дәрет өтетіні де айтылған. Massaget.kz тілшісі мұның анық-қанығын білу үшін ҚМДБ өкілдерінен пікір алды.
ҚМДБ өкілдерінің айтьуынша, әйелге сәнденуге рұқсат етілген, алайда мұның барлығы шариғат шеңберінен шықпауы керек. Бұл ұстанымды ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали мәзһаб өкілдері құптайды. Қазір әйелдер сәнденудің бір түрі ретінде тырнақ бояуды әдетке айналдырған. Бірқатар ғалым тырнақ бояуға рұқсат берген. Алайда тырнақ бояуға арналған лактардың құрамында су өткізбейтін қоспалар болғандықтан, ол ғұсыл мен дәретке кедергі келтіреді. 4 мәзһаб ғұламалары дәреттің дұрыс болуы үшін денеге су өткізбейтін кедергілер болмауы шарт деген, себебі дәрет пен ғұсылда жууы тиіс болған ағзаларға су жеткізу парыз.
Алла Тағала аяқ пен қолды, тіпті тырнақты жууды міндеттеді. Кім денеге немесе тырнаққа су өткізбейтін нәрселерді қолданса, онда ол қолын жумаған әрі бұйрықты орындамаған болып саналады.
Дәрет немесе ғұсыл алып жатқанда тырнаққа, бүкіл денеге су өткізбейтін нәрселері қолдануға болмайды. Мұндай бояуларды пайдаланған жанның дәреті мен ғұсылы дұрыс емес. Оны кетіріп, қайта дәретін немесе ғұсылын алуы міндетті.
Күйеуінің алдында әдемі көрінгісі келген әйел құптан намазынан кейін боянуына болады. Таң намазының дәретімен құптанды оқуға дағдыланған адам үшін дәрет алып болған соң тырнағын боятуына рұқсат. Бірақ дәреті бұзылып, қайта дәрет алатын жағдайда бояуды кетіруі міндетті.
Кейбір ғалымдар әйелдер маникюр мен педикюр жасатуға әуес болғандықтан намаз оқымауға дейін барып жатады. Осындай жағдайға байланысты мұндай әрекеттің алдын алу мақсатында боялған тырнақтың үстінен мәсих тартуға болады деген пәтуаны беріп жатыр. Расында бұл - үлкен қасірет. Бұлай пәтуа беру дұрыс емес.
Тек зәрулік жағдайда тырнақтағы бояу дәретке кедергі болмайды.
Қорытындылай келе:
- Дәрет пен ғұсыл дұрыс болу үшін тырнақты лакпен боялмауы қажет;
- Су өткізетін қына секілді бояумен тырнақ бояуға рұқсат;
- Лакпен боялған тырнаққа мәсих тартуға болмайды. Ондай адамның дәреті мен ғұсылы қабыл болмайды.
@galiya_4386 #рек #хочуврек #хочуврекомендации #хочувтоп #хочувреки #алматы #тырнақ #хна #маникюр #халяль #ислам #fypシ #me #салон #ногти #покраска #покраскахной #хадис #almaty #kz #rek #nails #islam #гламурныймейк #salon #manicure ♬ Bul mahabbat - RaiM & Erke
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек