- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қателер менен болды"....
"Қателер менен болды". Танымал актер бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты
Танымал актер Бауыржан Сатов Urpaq подкастында алғашқы некесі туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бірінші некедегі жұбайымен бір жылдан аса уақыт бірге тұрған.
"Біз үйлендік, бір жылдан аса бірге тұрдық. Сүйіп үйлендік. Мінезіміз жараспады. Мінез тұрған кезде махаббатқа орын жоқ деп ойлаймын. Ұрыс-керістер пайда бола бастады. Қателер менен болды. Отбасы болғаннан кейін жауапкершілігің бар екенін түсінуің керек. Менде формула болған жоқ (отбасының - еск.). Білмедім. Сол жауапкершілікті түсінбедім. Үйлену оңай, үй болу оңай емес. Әр адам жауапкершілікті сезінуі керек, мен сол кезде сезіне алмадым", - дейді актер.
Актер ажырасқаннан соң екі жылдан кейін шаңырақ көтергенін айтты.
"Екі жылдан кейін үйлендім. Қазір түсінесің. Бәрі уақытпен келеді екен. Бірінші қызым туған кезде де өзімді әке сезінбедім. Әке бола алмадым, үлкен қызым маған жақын емес. Екінші қызым маған жақын, менсіз ұйықтамайды", - дейді Бауыржан Сатов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова