- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бірінші итті, кейін...
"Бірінші итті, кейін әкемді атқан". Актер Бауыржан Сатов әкесінен қалай айырылып қалғанын айтты
Танымал актер Бауыржан Сатов әкесінен үш жасында айырылған. Бұл туралы ол Urpaq подкастында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, әкесі 24 жасында қайтыс болған.
"Әкем 24 жасында қайтқан. 24 жасында үйін салып біткен, жер үй, Думан жақта. Думан жақта как раз әкемді атып кетті. Ол кезде үштемін, бірақ ол сәт есімде. Кадрмен есімде. Келіп атып кеткеннен кейінгі үйдегі хаос. Бір кадр сол есімде. Екінші кадр: біз үйдеміз, біреулер келіп бізге көңіл айтып жатыр. Екі кадр есімде қалыпты", - дейді ол.
Актер әкесін атып кеткендер бірінші итті атқанын айтады.
"92 жылы әкемді мамамның көзінше атып кетті. Әже бар, мама бар, інім бар, семьямызбен ұйқыға дайындалып жатқан кез. Апам ол кезде арақ-шарақ, шемішкесі бар, кішігім саудасы бар-тұғын. Ішкен адамдар келіп сұраған ба, бірнәрсе болған. Әжеміз "жоқ" деген. "Түн болды, қайтыңдар" деген. Аналар әжені боқтаған. Оны әкем естіп қояды. Әкем қызуқанды, ер мінезді кісі болатын. Шығады. Екі-үш адам мас. Солармен төбелеседі. Аналар кетіп қалады. Біраз уақыттан кейін аңға шығатын қару алып келеді екен. Сөйтіп, менің естуімше, ит үре бастаған кезде бірінші итті атады екен. Сол кезде әкем жата ма?! Атып шыққан кезде артынан мама атып шығады тоқтатайын деп. Шыққан кезде екінші оқ жүрек тұсына тиеді. Мамам айтады, "аспанға қарап жымиып, құлады" (әкесі - еск.) дейді", - деп еске алды актер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова