Аурухана өкілдері Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Аурухана өкілдері Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: saliqaly.kz

Аурухана өкілдері Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл пациент қазір Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада жатыр. Болат Назарбаевтың жағдайы туралы ақпаратты тек пациенттің туғандарының келісімін алған соң хабарлай аламыз. ҚР заңдарына сәйкес, ауруханада емделушілердің жеке басына және денсаулығына қатысты мәліметті тек пациенттің жақындарының рұқсатымен жариялауға құқылымыз", - делінген жауапта. 

Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек