"Арзан ет". Қостанайда жаңа алаяқтық схема пайда болған

"Арзан ет". Қостанайда жаңа алаяқтық схема пайда болған
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанайда жаңа алаяқтық схема пайда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 қазанда Қостанай қаласының Солтүстік полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы хабарлаған әйел жүгінді. Ол 21 қазанда WhatsApp мессенджерінде ет сату туралы хабарландырулар жарияланған топқа хабарлама жазғанын айтты. Топ әкімшісі оның қазіргі таңда тартылған етті сатып алу туралы өтінішін орындау мүмкін болмайтынын айтты. Себебі ол таусылып қалған.

Кейінірек ол бейтаныс нөмірден тартылған етті топта ұсынылғаннан да төмен бағамен сатып ала алатындығы туралы хабарлама алды. Қыз көрсетілген нөмірге 13 мың теңге көлемінде ақша жіберді. Бірақ сатып алған өнімін ол көрмеді.

Жәбірленуші полицияға жүгінуге шешім қабылдады. Хабарлама тіркелді және осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция кезекті мәрте облыс тұрғындарына қырағы болу және күмәнді хабарламаларға сенбеу туралы ескертті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина