АЭС-ті француз компаниясы сала ма? Министр жауап берді

АЭС-ті француз компаниясы сала ма? Министр жауап берді
Фото: pexels.com

Францияның Electricite de France компаниясы Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр бүгін Electricite de France компаниясымен серіктестік талқыланатынын айтты.

"Қазір компания General Electric-тің атом электр стансаларына арналған турбиналар өндірісіне байланысты активтерін сатып алу келісімін аяқтап жатыр. Компанияның бұл салада тәжірибесі бар. Францияда олар 50-ден аса реакторды іске қосқан. Басқа да елдерде салады. Өздеріңізге мәлім, EDF Қазақстанда АЭС салуы мүмкін компаниялардың тізіміне енген. Егер Франция тарапы келіссөз жөнінде бастама көтерсе, оны жүргізуге дайынбыз", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Олжас Адай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!